Ыбырай оқуларының үздіктері анықталды
Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» атты облыстық байқау өтті.

Байқау мақсаты – ұлы ұстаздың рухани асыл-мұраларын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру. Онлайн форматында өткен сынға 18 – 29 жас аралығындағы 39 үміткер қатысты.



Ал жүлделі І орынды Арқалық қ. Б.Майлин атындағы №3 мектептің мұғалімі А.Сәлімжан, ІІ орынды Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қор бөлімінің сектор меңгерушісі С.Мырзабай, ІІІ орынды Сарыкөл ауданының Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Е.Өміртай иеленді. Байқауға қатысқандардың барлығына сертификат және қатысушылардың арнаулары топтастырылған жинақ кітапшасы табысталды. Номинанттарға диплом және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэттер берілді.



