Жауынгер рухына тағзым

Мендіқара ауданына қарасты Архипов ауылында Ауған соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан Виктор Дейкунді еске алды. Сол жылдары екі мыңға жуық қостанайлық бозбала қару асынып, майданға аттанған еді. Соның 44-і жат жерде шейіт болды. Жау оғынан мерт болғандардың бірі – меңдіқаралық Виктор Дейкун. Оның туған ауылында мемориалдық тақта орнатылды. Бұл – ер есімінің ел есінде екенінің анық айғағы.ogon4

Виктор Дейкун Меңдіқара ауданының Архипов ауылында туған. Ол18 жасында әскер қатарына шақырылды. Кейін жас сарбаз 1980 жылы  Ауғанстанда әскери тапсырманы орындау барысында қаза тапбады. «Қызыл жұлдыз» орденімен мадақталған  жауынгерді сыныптастары, ағайын туыстары еске алып, жылы естеліктер айтты.
Жауынгер құрметіне арналған мемориалдық тақта Каменорал орта білім беру мектебінің қабырғасында орнатылуы тегін емес. Ол осы  мектептің түлегі. Сондықтан, батыр тұлғасы мұнда білім алатын оқуышлар үшін үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Митингтің соныңда жиналғандар Виктор Дейкунді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓