Жігерге қанат бітірген жиын
Қостанай облысы Полиция департаментінің басшылығы арнайы бөлімшелердің полицейлерімен кездесіп, ұжымдарға патриоттық серпін сыйлап, жауынгерлерге жігерін жанитын рухты әңгімелер қозғады. Облыстық ПД бастығының орынбасары полковник Ардақ Ынтықбаев пен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісов – тек басшы ғана емес, сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлері.Кездесу барысында олар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған құқық қорғау жүйесіндегі реформалар барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, полицейлердің жұмыс кестесі, жауынгерлік және қызметтік дайындықтың өту барысы, жұмыстағы ахуал және тұрғын үй мәселелері жөнінде сөз қозғады.
Полковниктер Ардақ Ынтықбаев пен Ербол Дербісов полицейлерге интернационалдық борышын қалай атқарғандарын айтып, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
– Сіздер бүгін бейбіт жағдайда жұмыс істейсіздер, түнгі жұмыстан соң үйге, отбасыларңызға ораласыздар және демалуға, қайта күш жинауға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл – өте ғажап жағдай. Себебі, бейберекет кезде қызмет еткен біздің бейнетіміз көп болды. Мені әскерге шақырғанда, мен бір минут та іркілмедім. Ол кезде жастар арасында Отан алдында борышынды өтеу – үлкен мәртебе болатын. Үш ай Ашхабадтағы десанттық-шабуыл бригадасында дайындықтан өтіп, Ауғанстанның Кабул қаласына, сол жерден Газни провинциясына жеке мотоатқыштар полкіне жіберді. Үш мың метр биіктікте сарбаздар жаудың оқ-дәрі қоймасын таптық. Олар тастап кеткен жерде мина жарылып, жас жауынгерлер жараланды. Оқиға орнында екі сарбаз қаза тауып, 15 сарбаз жарақат алды, – деді Ардақ Қабыкенұлы. Облыстық ПД Өзіндік қаупсіздік басқармасының бастығы полковник Жәнібек Қамзенов жауынгерлер алдында сөз сөйлеп, қызметтік тәртіпті сақтау, заңның барлық талаптарын орындау қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, Қостанай облыстық ПД жедел әрекет ету арнайы жасағының полицейлері кәсіби тұрғыда спортпен шұғылданады, Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған.– Бүгінгі таңда біздің алдымызда күрделі міндет тұр, оны жалғыз шешу мүмкін емес. Бірыңғай тетік ретінде үйлесімді әрі адал жұмыс істеу арқылы ғана біз жұмыста нәтижеге қол жеткізе аламыз және, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімін қамтамасыз ете аламыз. Мемлекет басшысы, Ішкі істер министрі және Полиция департаментінің басшылығы бүгінгі іс-шаралардың алдыңғы шебінде тұрған қызметкерлерді қолдау үшін барлығын жасайды. Осындай жағдайда қызмет атқарып жүрген полицейлерге алғысымды білдіремін, – деді полковник А.Ынтықбаев.
Қостанай облысы жылдам әрекет ету арнайы жасағының инспекторы, полиция майоры Нармахан Керімбаев мұндай кездесулердің маңызды екенін атап өтті. Ол арнайы бөлімшеде 13 жыл қызмет етеді, жұмыс үшін барлық жағдай жасалған дейді ол. Нармахан көкпар және самбо сынды спорт түрлерімен айналысады. Бірнеше рет чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды.Кездесу соңында Кадр саясаты басқармасының психолог қызметкерлері полицейлермен тренингтер өткізді, тосыннын туындаған әртүрлі жағдайлар кезінде кәсіби іс-қимылдар алгоритмін қабылдау және психологиялық ден қою тәртіптерін үйретті.