Лицейлердің атауы ауысады

Қазақ-түрік лицейлері атауы «Білім-инновация лицейі» деп өзгертілетін болды. ҚТЛ атауына «ребрендинг» жасау Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.лицей
Оқу орнының атауын өзгерту туралы шешім KATEV қоғамдық қорының басшылығымен қабылданған. Хабарламада ҚТЛ білім алушылары, ата-аналар, лицей директорлары бұл шешімді қолдап отырғаны айтылған.
Қазір KATEV ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейі бар.
Еске сала кетсек, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған аталған лицейлердің түрік діндары, оппозицияшы  Фетхулла Гүленге тікелей қатысы барын айтып, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа оларды жабуға кеңес берген болатын.
Өз кезегінде елбасы аталған оқу орындарына ауқымды тексерулер жүргізетінін мәлімдеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓