Мақсат –мәліметтерге бұрмалаушылық жібермеу
Кейде біз бұқаралық ақпарат құралдарында жыпырлап жа-рияланған статистиканы яғни сандарды көргенде, "оқитын түк жоқ, мына сандарды жариялағаны несі, кім оқиды, кімге керек" деп реніш білдіріп жатамыз. Ал, шындығына келсек, осы статистикалық көрсеткіште мемлекеттің, елдің, облыстың, қала мен ауданның экономикалық, әлеуметтік саяси дамуы жатыр.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингтеу, құқықтық актілерді сараптау басқармасының басшысы Б.Қабылова Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің міндеттері мен негізгі мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы "Мемлекеттік статистика туралы" заңнамасындағы өзгерістер мен статистикалық есеп жүргізу әдістемелерін қалыптастыру туралы айтып өтті. Жиналғандар тарапынан сұрақтар да қойылды.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы заңы ең алдымен мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Және қоғамның, мемлекет пен халық-аралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Агенттiктiң өз қызметi саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар: статистикалық әдiснаманы қалыптастыру, мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру, қоғамның, мемлекет пен халық-аралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру. Сонымен бірге статистика дерек-көздеріне бұрмалаушылық жібермеу. Статистиканың басты принципі сол – сапасын, уақытылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөз-дерінің барлық түрлерін пайдалану. Ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі, статистикалық ақпараттың, ал-ғашқы статистикалық және әкім-шілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазір аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерек-қорды, мәліметтерді яғни статистикалық көрсеткіштерді тікелей он-лайн тәртібінде агенттікке жібере беруге болады. Бұл мамандардың жұмыстарын жеңілдетуге арналған,– деді бізге Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингтеу, құқықтық актілерді сараптау басқармасының басшысы Б.Қабылова.
Гүлназым Сағитова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай