Су тасқынына дайын
Көктемгі су тасқанына Қостанай қаласының коммуналшылары да әзір. Жергілікті билік дайындықты тағы бір пысықтап алды. Қалада қауіпті деген төрт аймақ бар. Оның бәрі назарда. Тұрғындарға алаңдауға еш себеп жоқ дейді құтқарушылар.
"Қостанай Су" мекемесі тасқынға қарсы арнайы жасақ құрған. Бұнда экскаватор, автокран, су сорғыш сияқты техникалар бар. Тіпті, кез келген лай суды ауыз суға айналдыратын "Тазасу-М" техникасының екі данасын әкелген.




Былтырғы қызыл су қаупінен соң биыл қостанайлықтар дайындықты күшейткен. Назарда – 4 аудан. "Қостанай-1" шағын ауданы, Дружба ауылы, Колесная ряды және Тобыл көшесін қарғын су басуы мүмкін.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ