Қимеден қария және қас-қағым сәт

Білегінің күші кеми қоймаған қариялардың өзі кейде қарап отырғанша, қорасындағы бірер жандыққа азық болсын деп шалғын аралап кететіні бар. Ауылдағы ақсақалдардың ала жаздайғы ермегі осы – шалғысын қайрап,шөбі шүйгін шабындыққа  орақ салады.
ақсақал
Қостанай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғыны Қимеден ақсақал да боз ала таңнан тұрып, орманды алқапты бетке алады. Бұл жолы белорағын біркелкі сілтей салып, белуардан келетін пішенді баудай түсіріп жатқан шаруақор ақсақалдың шалт қимылы біздің фототілшіміз Бағдат Ахметбековтің  нысанасына ілікті. Қимеден қарттың  қарекеті шөп шабу науқаны қызған шақта үйінде шәнжиіп жатқан кейбір жастарға үлгі болса кәні?!
 
 
Әлібек Ыбырай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓