«Қазақшаңыз қалай?»

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде «Қазақшаныз қалай?» атты сайыс өтті. Оған мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген түрлі ұлт өкілдерінен тоғыз адам қатысты.Безымянный
Өңірдің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер төрт кезеңнен сынға түсті. Алдымен, олар өздерін таныстырса, одан кейін қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқыды. Сосын қазақ халқының мақал-мәтелдерін жатқа айтып жарысты.Безымянный2
Сайыстың қортыңдысы бойынша бірінші орынды Анастасия Крывшич (Урицк ОМ), екінші орынды Яна Холикова (Севастопол ОМ), үшінші орынды Олеся Чернышова (Крылов ОМ) иеленді. Қалған қатысушылар да белсенді өнер көрсеткендері үшін мадақтама қағазы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓