45 жастағы әйелге іздеу салынады
Қостанайлық полицейлер Жітіқара қаласының 45 жастағы тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны Құралай Әлиева 20 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Бойы – 160-165 см, шағын денелі, қойкөзді, қысқа шашты, шашының түсі қара. Үстінде ақ көйлек болуы мүмкін.
Құралай Әлиева туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, Қостанай облыстық ІІД хабарласуыңыз сұралады. Байланыс телефондары: 8 (7142), 52-62-18, 52-61-12, факс 52- 61-11.