Малға күтім
Мал шаруашылығын дамыту үшін оларды үнемі бақылауда ұстау қажет. Ауданда есепті жылы бруцеллез ауруына қарсы 18 мың ірі қара мал және 4 326 ірі қара малдың төлдері зерттелген. Оның ішінде ірі қара малдың 143 басы және 14 бас төл ауруға шалдыққаны анықталып, барлығы да сойылған. Құтыруға, сібірлік жарасына, эмкараға қарсы вакцинациялар бойынша да жоспарлар уақытылы орындалды.