Қайраткерге деген құрмет

Әулиекөл ауданының орталығында көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында Вице-президент деген бірден-бір лауазымдық қызметті атқарған Ерік Асанбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылуы болды. Салтанатты шара аты аңызға айналған тұлғаның оқыған білім ордасы – Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектепте өтті. Оған елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, облысымыздың әр өңірінен келген ақсақалдар, орта буын мен оқушы жастар, марқұмның туыстары қатысты.feAdlgbDjhsҚазақстан алғаш тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, жас республиканың орнығып кетуіне үлкен күш салған азаматтың бірі әрі бірегейі де мәмілегер-дипломат, экономика ғылымдарының докторы Ерік Мағзұмұлы болатын. Желтоқсан көтерілісінен кейінгі КСРО қоғамындағы дүрбелең тұста осындай қайраткердің үкімет басында, сол қайнаған саяси тірліктің бел ортасында жүруі заңды еді. ҚазМУ-дың түлегі, өзі оқыған білім ордасынан еңбек жолын бастап, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР Мемлекет жоспарлау комитетінде, Қазақ КСР Қаржы министрлігі жүйесінде қызметтер атқарған қайраткер Министрлер Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары тұста өзінің іскерлігін мойындатты. 1988–1989 жылы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы болды. 1991 жылдың сәуір-қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған Ерік Мағзұмұлының жерлесіміз екенін мақтан тұтуымыз қажет. Амангелді ауданы Байғабыл ауылының тумасы.Avtuhnniodc1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайланған депутаттар қараған маңызды әрі тарихи құжат – Егемендік декларациясының жобасы болды. Әрине, одақ шекпенінен шықпаған біздің еліміз үшін бұл заң жобасы бірден қабылданды деп айту қиын. Себебі, көктемде басталған талқылау күздің қара суығына дейін жалғасып, 25 қазан күні Қазақстан егеменді ел атанды. Міне, осындай жауапты сәтте Жоғарғы Кеңесті Ерік Асанбаевтың басқарғанын айрықша атап өткен жөн. Депутаттар тарапынан болған қарсылықтар, келешекке деген сенімсіздік, әсіресе, кейбір халық қалаулыларының «Одақ құрамынан шықсақ қалай өмір сүреміз», «иесіз қаламыз» деген дербес пікірлерінің барлығына Ерік Мағзұмұлындай арда азамат сабырлылық таныта білді. Бұл жетпіс жыл бойғы кеңестік идеологияның ықпалынан шыға қоймаған сана-сезімге жаңа сілкініс әкелген сәт болатын.Nczmwe5cark1991 жылғы Мәскеудегі тамыз оқиғасынан кейін Жоғарғы Кеңестің жиыны өтіп, депутаттар «Қазақстан Республикасының Президентін сайлау туралы Заңның» жобасын талқылады. Сол жолы Кеңес төрағасы болған Ерік Асанбаев Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынғанын біреу білсе, біреу білмес. Ал Мемлекеттік егемендік Декларациясы бір жылдан кейінгі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңға» негіз болды.drtswSUHvAAЕрік Асанбаев Елбасымыздың сенімді серігі ретінде мемлекеттік маңызы бар негізгі құжаттарды қабылдап, оның өміршең жүзеге асуына зор атсалысқан тұлға. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы өмірге келгенде, Ерік Мағзұмұлы Вице-президент лауазымында осы науқанның басы-қасында жүрді.D6U8soo8arQТәуелсіз жас мемлекетіміздің іргесін қаласып, шаңырағын көтеруге бір адамдай атсалысып, оның өркендеу жолында аянбай еңбек еткен аты аңызға айналған адам жаңа тарихымызда алтын әріппен жазылып қалды. Биыл көзі тірі болса, қайраткер 80 жасқа толады екен. Өмірден ерте кетсе де, артында үлкен іс қалдырып, келешекке даңғыл жол ашты. Қазақ елінің бүгінгі заманда әлем жұртына үлгі болып, өркениетке қадам басуы, халықаралық аренадағы беделінің жоғары болуы Ерік Асанбаев сынды туған Отанының
ертеңі үшін бар білім-парасаты мен күш-жігерін жұмсаған азаматтың өлшеусіз еңбегі екені рас. Бірегей тұлғаның есімі қандай құрметке де лайық.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓