Лисаковта футбол манежі құрастырылады
Қостанай облысының кезектен тыс маслихаты сессиясында Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы футбол манежінің салынуы туралы айтты.
"Біз тиімді мүмкіндіктерді қарастырдық, Ресейден де іздестірдік. Бірақ сырттан әкелер болсақ, қаржы көп кетеді. Ал Лисаковта шағын алаңқайлар шығаруға болады. Жоба индустриаландыру бағдарламасы бойынша қолға алынады. Мен Лисаковтағы өнідіріс ошағында болдым, жобалаушымен сөйлестім. Кедергі келтіретін мәселелер болса, шешуге тырысамыз. Егер Лисаковта ангар сала алсақ, онда облыстың басқа да аудандарына жеткіземіз",- деді Архимед Мұхамбетов.
Айта кетелік, Қазақстан футбол Федерациясы әр түрлі 10 футбол манеж салу міндетін жүктеген болатын. Жабық алаңда БЖСМ және БЖСМОР, футбол орталықтары мен академияларының жас футболшылары дайындалмақ. Қаржыландыру УЕФА мен жергілікті атқарушы органдар есебінен жүргізіледі.
Федерация жоспары бойынша жабық алаңдар Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай және Петропавл қалаларында салынады.
Қазір 3000 орынды «Назарбаев Зияткерлік мектебі» маңындағы футбол алаңының құрылысы басталып кетті.
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі
Суреттер "Қостанай таңы" газетінің архивынан алынды