Жастар конференциясы

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде жаңа нұсқадағы өңірлік жастар конференциясы өтті.сар
«Менің жетістігім саған, менің елім!» атты флешмоб-конференциясына белсенді, оң көзқарасты әрі бәсекеге қабілетті жастар қатысты.сарыкол
Оның ашылу сәтінде аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы Гүлбаһра Елеуова мен жастар ресурстік орталығының директоры Елена Данилова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кеткен жөн, Сарыкөл өңірінде алғаш рет өткізіліп отырған дәл осындай шараны жастар ресурстік орталығы мен тілдерді оқыту орталығы бірігіп ұйымдастырды.флеш
Жалпы, көптен күткен конференция ашылған соң, «XXI ғасырдың көшбасшысы» байқауы өтті. Мемлекеттік тілде өткен бұл сайыстың жеңімпаздары анықталды. 1-орынды Карима Рекенова (Сарыкөл ОМ), 2-орынды Марина Громова (Урицк ОМ), 3-орынды Иван Яцина («ДИС» еріктілер орталығы) өзара бөлісті. Жүлдегерлер арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.са
Сондай-ақ, шара барысында «Шетелдік фирмалар туралы эссені қалай жазуға болады?» тақырыбында шеберлік сыныбы, «Менің жетістігім – менің елімнің болашағы» атты эссе жазу сайысы да қосарлана өткізілді.сарык
Шара соңында «ДИС» еріктілер орталығының директоры Әсел Мәзенова сөз сөйлеп, бұл конференцияның алдағы уақытта жалғасын таба беретіндігін жеткізіп, қатысушыларға алғысын айтты.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓