Ионенко Рудныйда әкімінің міндетін атқарады

Бүгін Рудный қаласының әкімі міндетін атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды. Виктор Ионенко 2020 жылы облыс әкімінің орынбасары болған еді. Әр жылдары Денисов, Қарасу, Меңдіқара аудандарының әкімі қызметін атқарған.

"2023 жылдың 6 ақпанынан бастап Рудный қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына Виктор Николаевич Ионенко тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін уақытша атқаратын болады", – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Рудныйда 2020 жылдан бері басқарған Қуандық Хайдарұлы Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты әкім қызметінен босатылды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓