Бірлік бар жерде…

Облыс орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған студент жастардың «Бір шаңырақ астында» фестивалі болып өтті. Фестивальге облысымыздағы барлық жоғары оқу орындарының студент жастары  қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. IMG_9408Фестиваль аясында аймақта тұрып жатқан ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-тәстүрін айқындайтын көрме ұйымдастырылды. Осы іс-шараның басты мақсаты- облыста тұрып жатқан басқа ұлт пен ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрімен, мәдени  құндылықтарымен танысу  арқылы этносаралық және конфессияаралық  өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағыттау, оларды зерттеу, толеранттылықты нығайту, жастар арасында ұлтаралық қарым-қатнас жүйесін қалыптастыру. IMG_9460Тәуелсіздігіміздің осынша жылдар аралығында  Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетіп отыр. Қазақ атамыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған болар. Сондықтан да мемлекетіміздегі ел тұтастығы мен татулығының  нәтижесі- мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық табысты қарыштап өсуінің негізгі құндылығы болып табылады. Бірлігі бекем елдің келешегі де  кемел деген осы емес пе.IMG_9423
– Бүгінгі фестиваль- татулықтың, бірліктің, ынтымақтың  белгісі. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына жиырма жыл толып отыр.   Фестиваль арқылы студент жастарымыздың бойына патриотизімді, өз еліне деген сүйіспеншілікті сіңіру,  бір-бірімізбен тығыз өзара байланыста жұмыс істеу, тәриелік жағынан маңызы зор  болса,  фестиваль екінші жағынан еліміздің, облысымыздың жетістіктерін паш етеді.  Біздің халқымызда жақсы, игі дәстүр бар, наурыз айы келгенде бұлақ көзін ашып,  ағаш көшеттерін отырғызу деген. IMG_9416Міне, осы ағаш көшеттерін отырғызу ұсынысын  фестиваль аясында  айтпақ ойымыз бар. Облысымыздағы  әрбір жоғары оқу орындары өздерінің ғимараттарының маңына ағаш көшетін отырғызып, оны Ассамблея аллеясы деп атаса, осы игі іс арқылы  студент жастарымыздың, қала тұрғындарының демалуына және де жан-жағымызды көріктендіруге, абаттандыруға өз үлесімізді қоспақпыз,-деді  бізге  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Асқар Наметов.IMG_9431
    Салтанатты фестивальдің ашылуында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі  Бағытұр Дәндібаев, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры С. Есмұратов және басқалар сөз сөйледі. IMG_9524Олар  өз сөздерінде  еліміздің осындай жетістіктерге жетуі, тату-тәтті, бейбіт өмір сүруі- ең алдымен ынтымақ пен бірлікте екенін айтып кетті.IMG_9472
-Бүгінде барлығымыз бір атаның баласындаймыз.  Өңірімізде тұрып жатқан өзге ұлт  пен ұлыс өкілдері кезінде  өздерінің ықтиярынсыз Тобыл өңіріне келді. Еліміздің халқы бір жапырақ нандарымен бөлісті. Сондықтан татулық пен бірлігімізді  одан әрі нығайта түсуіміз керек.   Бүгінгі жастар білімді, соны кәсіпті игеруші, еліміздің алдыңғы қатарында болуға тиіс,-деді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі  Бағытұр Дәндібаев.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓