«Әдеби десант» – Рудныйда

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қолға алған «Әдеби десант» жобасы аясында Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқушылары танымал ақын, әрі ғалым Серікбай Оспановпен кездесті.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Кездесу барысында қаланың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Гүлшат Ибжар жиналған қауымды қаламгердің өмір жолымен қысқаша таныстырып, оған сөз кезегін берді. Серікбай Оспанұлы әдебиет әлеміндегі соңғы жаңалықтарды айта келе, жастарды кітап оқуға шақырды. Ақын, өзінің шығармашылығымен қатар қолөнер шебері екендігін де айтып, қазақы салт-дәстүрлер жайлы әңгімеледі. Бірнеше өлеңін оқып, домбырамен ән шырқады. Көрермендер де қарап қалған жоқ. Ақынның халық арасында кең таралған өлеңдерін жатқа оқыса, қалалық ардагерлер кеңесі мен «Жадыра» ансамблінің мүшесі Жақсылық Кәкенов қонаққа жылы лебізін білдіре келіп, оның сөзіне жазылған «Айлы түнде» әнін орындап берді.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Әдеби кеште колледж студенттері де ақынға көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. «Сыршыл ақын» атты кітап көрмесін тамашалап, қонақпен естелік фотоға түсті. Кеш соңында Серікбай Оспанұлы білім ордасы мен кешті ұйымдастырушыларға бірнеше кітаптарын сыйға тартты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓