9 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы Руслан Мұхамеджановқа қатысты сот үкімін шығарды.сотталушы 1Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 6 маусымында Қарасу ауданында ішімдік ішкен сотталушы өзінің жұбайы З.Мұхамеджановаға телефон шалып, өзара қарым-қатынастары туралы сөйлеу үшін оны кездесуге шақырады. Қызғаныш салдарынан туындаған отбасылық түсінбеушіліктің салдары жанжалға ұласып, Мұхамеджанов  үйден ала шыққан асханалық пышақты қалтасынан шығарады. Осыдан кейін әйелін 9 жерден пышақтаған. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болады.
Сот үкімімен Р.Мұхамеджанов ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓