Аударма туралы бірер сөз

Дұрыс  аударма  жасау  үлкен  өнер. Тілдің  нәзік сырларын білмей  аудару  мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады. Мәтінді аудару кезінде оның мағынасын түсініп алу керек.  Өйткені кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болады. Аудармашы екі тілді ді жақсы меңгерген, сауатты болуы тиіс. Қолданысқа енген жаңа сөздерді де байқап жүрген жөн. Мысалы "эмбарго" деген сөз бір  елге тауарлардың немесе  валютаның әкелуіне тыйым салу  немесе шектеу болса, "ратификация" деген сөз халықаралық  шартты мемлекеттік биліктің жоғары  органдарының  бекіту болып табылады.
Гүлбану Достиярова,
Қазақстан Республикасы  ІІМ-нің Оқу  орталығы
(Қостанай қ.) Мемлекеттік тіл  және  ақпарат тобының  инспекторы.
Суын ішкен құдыққа түкірме
созге 1        
Бұл нақыл өзіңе жақсылық жасаған, тәрбиелеген ортаңа жамандық ойлама деген ұғым береді. "Үш ауыз сөз" деген халық ертегісіндегі бір байдың баласы жылқы жайып жүріп, бір жолаушыға жолығады. Ол: "Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретемін", – дейді. Бала келіседі. Сонда әлгі адам: "Балам, суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын",– депті.
соз 1
Тұралыдан қалған сөз    
Адамға үш қуат керек:ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Біреуі кем болса, жігіт кемдік қылады. Жүрек кем болса, топта сөз айта алмайды, ақыл болмаса, тіл де, жүрек те лағып кетеді.Ал бастапқы екеуі болып, тіл болмаса үлкен кемдік қылады. Жігітке әуелі білім керек, екінші ғылым керек, үшінші ұғым керек. Сосын күтім керек, өткір жүрек, орамды тіл керек. Сонда жігіт түгел болады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓