Табиғат тазалығы – халық салауаттылығы

Бірнеше жылдан бері тұрмыс қалдықтарымен ауаны ластау өзекті мәселе және жыл сайын осы өзекті мәселе қарқынды таралып отыр.
Облыс аумағында 310 полигонда 3466 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар  жиналған. Жыл сайын саны 450 мың тонна осындай қоқыс төгіледі.166214_originalАралас қалдық-қоқыстар топырақты, ауаны улы заттың бөлінуімен ластайды, өңірдің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізеді, суға, су тоғандарына түскен тұрмыс қалдықтары  ерекше қауіп төндіреді.
Табиғатта өзгерген құбылыстардың салдарынан адам денсаулығына зиянды ықпалын тигізеді.
Облыстың коммуналдық кәсіпорындарында мамандандырылған техника және арнайы құрылғылармен нашар жабдықталуы жағдайды қиындатуда. ҚТҚ полигондарында халықтың экологиялық сауатсыздығы, рұқсат берілмеген жерде үйінділердің жиналуы, қалдықтарды өңдеу және іріктеу жүйесінің болмауы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қарапайым талаптарына сәйкес келмейді.
Әлемдік тәжірибені зерттеу барысында батыс елдерде халыққа әрбір тұрғын жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, қалдықтар ауқымын қысқарту бағдарламасына күн сайын қатысуы қажет екені анықталды.
Осыған байланысты, бүгіндері жаңа жауапты ұрпақты қалыптастыру қажеттілігі туындады, яғни табиғи ресурстарға ықтиярмен қарауға және қоршаған ортаны ластанудан өзінің үлесін азайтуға тырысады.
Біздің елімізде осындай жағдайларды қолдану мақсатында облыс прокуратурасымен экологиялық заңнаманы сақтауда салааралық бағыты бойынша топтардың жұмыс аясында уәкілетті органдармен және облыс әкімдігімен ҚТҚ тиімді және қауіпсіз қарауды қамтамасыз ету бойынша тың жоба  әзірленді және мақұлданды. Онда азаматтарға  елді мекендер аумақтарын ластауға қоғам болып күресуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аударылды.
Жоспарда халықтың денсаулығына және экологиялық жүйеге жауаптылықпен қарауға екпін салынып, айналаға жағымсыз әсерін ғана тигізетін қалдықтарды азайтуға  бағытталған нақты индикаторлар көрсетілген.
 
Облыс прокуратурасының  1-ші басқармасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓