Жоғалған үш қыз табылды (17.50-де жаңартылды)
Қостанай облысында Лисаков қаласында 13 жастағы үш қызға іздеу жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстың ІІД баспасөз қызметі мұны растады. «Жоғалған қыздарға іздеу жарияланды. Барлық қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдеріне хабар жіберілді», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Әлеуметтік желіде екі құрбы оқушы қыз Лисаковтен Қостанайға кеше, 2 наурыз күні таңертең шыққаны талқылануда. Алайда бірнеше күннен бері олардың қайда екені белгісіз. Туыстары шарқ ұрып іздегенімен, нәтиже жоқ.
Қыздардың бірі ашық-жасыл күртеше, сұр бас киім, ала шарф таққан, қолында қара портфелі болған. Екінші қыз қызғылт күртеше, сұр бас киім киген.
Осы материал жарияланғаннан кейін бірер сағаттан соң жоғалған үш қыздың табылғаны туралы ақпарат пайда болды.
"Қыздар Қостанайдағы Орталық базардан табылды. Жағдайлары дұрыс – аман-есен, сау. Қыздар жай серуендепті. 800 теңге төлеп, автобуспен келген. Содан Қостанайға автобуспен жетіп, онда ересектерше өмір сүргісі келген", – деді "Тенгри ньюс" тілшілеріне берген хабарламасында ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Балсұлу Алекенова. Қыздардың танысымен алдын ала келісіп, сол үйде түнеп шыққаны айтылады. Қазіргі уақытта қыздар Лисаковскіге жіберілді. "Кәмелетке толмағандармен айналысатын учаскелік полицейлер оларды үйіне алып кетті", – деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.