Өрт ішінен мүрде табылды
Қайғылы оқиға 26 мамырда Сарыкөл ауданында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.Өрт Саркөл кентіндегі екі қабатты тұрғын үйден шыққан.
"Бірінші қабаттағы пәтерде 2 шаршы метр аумақты қамтып, жиһаздар өртенген. Оқиға орнынан 37 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан шығуы мүмкін. Марқұм бұл пәтерді жалғыз өзі жалдап тұрған. Есік ішінен жабулы болған, будақтаған түтінді көршілері байқапты", – делінеді ведомство хабарламасында.