Құмырсқалар
Төртінші сабағымыз біткеннен кейін 5 "ә" сынып оқушыларының көбісі үйлеріне тарап кетті. Сыныбымда үш оқушы қалды. Солардың біреуі: "Құмырсқалар" сөзінен неше сөз құрастыруға болатынын білесіз бе?", – деп сұрады.
"Жоқ", – дедім: "Бірақ құрастырып көрейік. Неше сөз шығады екен?", – деп қызығып кеттім.
Оқушылардың біреуі қолына қызыл маркер алып, сөздерді жаза бастады. Қалған екі оқушы, менімен қоса, тапқан сөздерді айтып отырдық. Ең көп қырық сөз шығатын шығар деп ойладым басында….
1) Құм, 2) Құр, 3) Мыс, 4) Құмырсқа, 5) Құмыра, 6) Ұры, 7) Қара, 8) Арақ, 9) Қалмақ, 10) Сым,11) Қар, 12) Лақ, 13) Қармақ, 14) Құрыс, 15) Құрал, 16) Құрма, 17) Қас,18) Ұр,19) Ұрыс, 20) Мас, 21) Қал, 22) Рас, 23) Қасық, 24) Сақ, 25) Сақал, 26) Ақ, 27) Қара, 28) Сыр, 29) Лас, 30) Сала, 31) Сал, 32) Мал, 33) Қам, 34) Қыс, 35) Қыр, 36) Сұр, 37) Сара, 38) Ала, 39) Алма, 40) Ұрысқақ, 41) Қақ, 42) Арал, 43) Қысқа, 44) Ар, 45) Ұқ, 46) Ұл, 47) Ас, 48),Салақ, 49) Мысал, 50) Алыс, 51) Мақал, 52) Арыс, 53) Асқар, 54) Асық, 55) Арқар 56) Аса, 57) Құлақ, 58) Ұсақ, 59) Құс, 60) Сыра, 61) Арам, 62) Маса, 63) Масақ, 64) Қарыс, 65) Асқақ, 66) Ұлы, 67)Қыл, 68) Амал, 69) Ақыл, 70) Қармақ, 71) Марс,72) Салық, 73) .. кезек сізде .