Жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Жанкелдин ауданындағы “Топжарған” спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 4 млн 680 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 520 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда заман талабына сай сапалы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
-“Топжарған” спорт кешенінің ірге тасы ел тәуелсіздігін алғанда яғни 1991 жылы қаланған. Содан бері ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынып келді. Ал былтырғы жылы “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі құрылыс жұмыстары қарқын алып жатқан ғимараттың ішінде арнайы “Күрес залы”, “Душ”, “Әжетхана” болады деп жоспарланы отыр.Сонымен қатар жылу жүйесіде тартылады. Ғимараттың сыртқы-ішкі келбеті жылтырап тұрғанынан гөрі, жөндеу жұмыстарының сапасы жақсы болып, оның ішінде спортпен шұғылданып жатқан жас ұрпақ биік белестерді бағындыра білсе, біз үшін үлкен жетістік осы, – дейді спорт мектебінің директоры Еренбол Алматов.