Ресейде қостанайлық отбасы опат болды

Ресейде тұратын қостанайлық отбасы жарылыстың салдарынан қаза тапты. Олардың екі күн бұрын ғана кірген жаңа баспанасында газ баллоны жарылған.
Қайғылы оқиға РФ 5-қыркүйек күні таңертеңгі сағат 08.00-де болған. 33 жастағы отанасы оқиға орнында көз жұмды. Оның 10 жасар ұлы, 6 жасар қызы және 34 жастағы отағасы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 20160929003856Жарылыс болған күні ұл бала көз жұмды. 15-қыркүйекте үй иесі бақилық болды. Қатты күйік жарақаттарын алған 6 жасар қыз баланы Белгород дәрігерлері Мәскеуге аттандырды. 25-қыркүйекте қыз бала да жан тапсырды. Жергілікті БАҚ ақпаратынша, оған бірнеше ота жасалған, алайда ажалға ешкім қарсы тұра алмады.20160929092510Анықталғандай, отағасы Виталий, жұбайы Светлана, балалары Эдик пен Маша Қостанай облысының Денисов ауданына қарасты Фрунзе кентінен Белгородқа көшіп барған. Олар Ресейде 8 жыл бойы пәтер жалдап тұрған. Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын олар өз күштерімен тұрғызған жаңа үйге көшіп барады. Кішкентай Машадан басқа отбасы мүшелерінің барлығы туған елде жерленді. Алдағы күндері Денисов ауданында қыз баланы жерлеу рәсімі өтеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓