Тәуелсіздік аллеясы ашылды

Рудный қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аллея пайда болды. Жаңа саяжол "Достық" қалалық паркінен орын теуіп, оған 25 шырша көшеті отырғызылды. 
Экологиялық іс-шараға қала әкімі Қуандық Испергенов қатысты.
"Саябақ аумағында шырша ағашының көбеюі бұл маңның көркін кіргізе түсіп, рудныйлықтар мен қала қонақтары үшін жайлы демалық орнына айналары сөзсіз. Оның үстіне, шырша – керемет табиғи эколог. Бұл мәңгі жасыл өсімдік фитонцид деп аталатын ұшпалы зат бөледі, ал ол қоршаған ортаның райын жақсартуға қабілетті, – дейді қала басшысы.
Алдағы уақытта аллеяға шаған, пирамида тұрықты терек және басқа да ерекше ағаштардың түрлері отырғызылмақ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓