Мешіт ашылуына байланысты жол уақытша жабылады

12 қыркүйекте сағат 6.00-ден бастап 10.00-ге дейін Маяковский көшесінің Жауынгер-Интернационалистер көшесімен қиылысар жол учаскесінен бастап (бағдаршам маңы), "Эталон-Авто" жанармай құю бекетіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.кесте
Мешіттің ашылу рәсіміне жиылатын жамағат көп болады деп күтілуде, сондықтан келушілерге қолайлы болу үшін автотұрақтарда және мешітке тиесілі аумақта көліктер болмайды. Адамдарды әкелген темір тұлпарлар көп аялдамай, кері бұрылып кететін болады.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан іс-шараға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін сағат  06.00-ден 10.00-ге дейін мерекелік іс-шаралар аяқталғанша автокөлікпен бағыттарын қолайлы жағдайға бейімдеулерін сұраймыз.
 
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓