“Как Таг?” Бұл қандай “өнер”?
Соңғы уақытта Қостанай қаласындағы көше бойларында “Как Таг?” деген жазудың пайда болғанын байқаған боларсыз. Мұндай жазу аяқ аттаған сайын көзге ілінеді десе де болады. Кейде сары, кейде қара бояумен жазылған жөнсіз жазудың мән-мағынасы да белгісіз. Не себептен, не мақсатпен жазылғанын кім білсін, бірақ көзге ерсі көрінеді. Барлық жазу бір қолдан шыққаны көрініп тұр. Кім жазса да, бадырайтып тұрып, кез келген жерге көшіре берген.




Осы сұрақты алдыға салып, тиісті мекемелерге қоңырау шалғанымызда көңіл көншітер жауап алдық.
Самат Жәнділдин, Қостанай қаласы әкімі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:
– Осындай жазулармен белгісіз біреулер қаланың көркін қашырып, бар еңбекті далаға кетіруде. Мемлекеттік, басқа да қоғамдық мүлікке ешқандай да нұқсан келтіруге болмайды. Мұндай жағдайда кінәлілерге тиісті шара қолданылады. Бұл мәселе жергілікті полиция қызметіне де, жол-патрульдік полицияға да, өзге де тиісті жерлерге де ескертілді. Тиісті тапсырма да беріліп, назарға алынды. Тәртіп бұзушы анықталып, шара қолдану көзделіп отыр. Осындай бұзақылыққа барғандар өз әрекетінің қаншалықты жауапсыздық екенін түсінбейтін болса керек.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ