Жасақшы-құтқарушылар даярлауда
Суға шомылу маусымы басталысымен Қостанайлық суда-құтқару станциясының негізінде Қостанай облысының аумағында орналасқан жазғы балалар демалатын лагерьлері үшін жасақшы-құтқарушыларды даярлау жүргізілуде. Бүгінгі күні құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін 23 жасақшы-құтқарушы даярланды.
Судағы жазатайым жағдай санын азайту мақсатында облыстағы барлық балалар лагерьлерінде жаздың басталысымен құтқару бекеттері жұмыс жа-сауда. Балалар лагерьлеріндегі кейбір қызметкерлер сонымен қатар жасақшы-құтқарушы лауазымын атқарады, демек ол жағаны аралап өтіп, суда тәртіпті қадағалау үшін қажет. Өз меншігінде жеке су айдыны бар балалар сауықтыру лагерьлері ашылған сәтінен бастап жасақшы-құтқарушылар барлық демалатындармен судағы қауіпсіздік ере-желерін оқыту бойынша сабақтар өткізді.