Президент Қостанай астығына оң бағасын берді

Бүгін Қостанай облысына іссапармен келген елбасы алдымен астықты өңірдің алқаптарын аралады. Қостанай облысы орақ маусымына тамыз айының аяғында бастаған еді. Қазіргі таңда жиын-терім жұмыстары өрмек жүзінен ауды.
nazarbaev_pole-640x483(сурет dixinews.kz сайтынан алынды)
20160922194726Президент Қостанай ауданындағы «Өтеулин» шаруа қожалығына соғып, биылғы орақ маусымының аяқ алысын аңғарды. Айтылмыш серіктестік 2003 жылы құрылды. Бүгіндері кәнігі диқандармен толыққан. Қожалық иесі Нұркелген Өтеулин алғашында шаруасын 700 га жермен бастаған болса, қазіргі көлемі 5000 гектарға жетіп отыр. Жыл сайын өнімді еселеп алып келеді, бидай басы ауру-сырқаттан дін-аман. Кейінгі уақытта толассыз жауған жаңбыр ғана астық жинауға сәл кедергі келтіріп отыр. Әйткенмен, қамбаны дер кезінде толтыруға мол мүмкіндік бар дейді диқандар. Күн райы ашылған сәтте-ақ дала кемелері егінжайға тартады.20160922194804
20160922194810Астықты аралай келе елбасы Қостанай жерінде бітік шыққан бидайға жоғары бағасын берді. Диқандармен сұхбаттасып, кәсіпті ілгерілету тұрғысында ақыл-кеңесін айтты. Дәнді дақылдардың сапасына мән беріп, сырт жақтан жоғары сортты бидай әкеліп, шет елдерде кеңінен қолданылатын технологияларды пайдалану керек екендігін ескертті.  
   
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓