COVID-19: тағы екі жағдай

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екі фактісі анықталды (22.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).  
COVID-19 1992 жылғы әйелде расталды, ол “Қайрақ” автобекеті арқылы Ресей Федерациясынан келген екен. Пациент әйел тексеру нәтижесі келгенге дейін карантин стационарына жатқызылған. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Сонымен қатар,  COVID-19 инфекциясы Жітіқара қаласының тұрғыны, 1969 жылғы ер адамнан да анықталды. Ол вахталық жұмысқа кетер алдында ақылы негізде тексерілген көрінеді. Науқастар ауруханаға жатқызылды, тиісті ем-шараларын алуда.  
2020 жылғы 22 мамырдағы мәлімет бойынша облыста COVID-19 ауруының 115 жағдайы тіркелді. 53 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓