Қасақана қасық жұтып қойған
Арқалық қаласында сотталған азамат қасық жұтып қойды. Ол дереу қаладағы аймақтық ауруханаға жеткізілген. Осы әрекеті арқылы түрме қызметкерлерінің теріс әрекеттеріне қарсылық таныпқа болған. Дәрігерлер операцияны сәтті өткізді. Ол ендігі ауруханадан темір торға қайта жөнелтілді. Ақ халаттылардың айтуынша, аты үрей тудырғанымен, үрдіс аса үлкен қиындық тудырмаған. Мәселе заттың ағзада қаншалықты уақыт жатқанына байланысты.