ҚР Үкіметі туралы жарлыққа қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.za-"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген Қаулы мәтінінде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓