Балалар жаңа мешітке барды

Балалар жаңа мешітте болды Құрбан айт күні Қостанай қаласында әсем де көркем жаңа мешіт ашылғаны жұртшылыққа мәлім. Бұл имандылық ордасы – өңірімізде ең зәулім де сәулетті архитектуралық ғимараттардың бірі. Өткен жексенбі күні аталған мешітте облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп, мешітпен танысты. Оларға осындағы дін қызметкерлері қызықты шаралар өткізіп, дастархан жайды. Балалар көп жайды өз көздерімен көріп, көңілдеріне түйді. Мешіт ұжымы осынау балалар үйіне көп жылдан бері қамқорлық көрсетіп келеді. IMG_4439
IMG_4424
IMG-20160918-WA0015Тәрбиеші Айгүл Әбілқасымова: «Бүгінде облыстық балалар үйінде 90 тәрбиеленуші бар. Соның 15-і – қазақ балалары. Бұл жолы мешітке 20 бала келді. Сән-салтанаты жарасқан рухани нысан өзімізге үлкен әсер қалдырды. Жалпы, облыстық мешіт ұжымына біздің алғысымыз шексіз. Себебі, олар түрлі мереке кездерінде балаларға сый-сияпаттарын жасап қана қоймай, бірқатар ер балаларымызды сүндетке отырғызып, үлкен сауапқа бөленді», – деді. Мұндай шараның өтуіне барлық жағдай жасаған мешіттің Жастар ісі бөлімі мен әйелдер секторына келушілер зор алғыстарын білдірді.IMG_4495
IMG_4470
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓