Еңбеккерлер – ауыл абыройы

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында: «…Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз» – деген еді.
SONY DSC

SONY DSC

    Елбасы атап өткендей, қанша жыл өтсе де ұмытылмайтын еңбек жолынан өткен жандардың есімін ұлықтау мақсатында «Сарыкөл ауданының Еңбек даңқы кітабы» эстафетасы биыл қолға алынған болатын. Бұл, бір жағынан қос мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен облыстың 80 жылдық құрметіне арналып отыр. Жақында өңірлік эстафетаны табыстау рәсімі Севастопол ауылдық округінде жалғасты.
SONY DSC

SONY DSC

Әрине, бұл күн – севастополдықтар үшін тарихи сәтпен пара-пар болды. Шараға жиналғандардың әр қайсысы бірін-бірі мерекемен құттықтап, қол алысып, құшақтасты. Әсіресе, аға ұрпақтың жүздеріне күлкі үйірілді. Кездесуге келгендер емен-жарқын әңгімелесіп, еңбек жолдарын еске түсірді. Отбасылық мұрағатта сақталған сирек кездесетін суреттерді тамашалады. Өздері жайлы экраннан көрген кезде жүректері тебіреніп, толқыныс күйді бастан кешірді. Себебі, олардың кейбіреуі ортада жоқ еді…
SONY DSC

SONY DSC

Аудан әкімі Эльдар Күзенбаев қуанышты оқиғамен ауылдықтарды құттықтап, бұл тек севастополдықтар үшін емес, жалпы аудан үшін де тарихи оқиға екендігін атап өтті. Туған өлкесіне қомақты үлесін қосқан жандарға алғысын айтып қана қоймай, оларға мақтама қағазы мен естелік сыйлықтар табыстады. Яғни, еңбектері еленген ардагерлерінің қатарында: С.Ж. Сұлтанғазинов, А.С. Вотчель, Е.Н.Ковальчук, Б.К. Мусафиров, М.П. Чернышенко, Н.П. Карпенко, Р.И. Тряпичкина, Г.П. Могилко, Л.П. Гадецкая, сондай-ақ, «Алтын алқа» иегері Зағила Дамбаулова мен шаруа қожалығының басшысы Мария Каневская да болды.
SONY DSC

SONY DSC

-Біздің еңбегімізді елеп, осындай шара ұйымдастырып жатқан өңір басшысы Эльдар Қонысбайұлына және ауылдық округ әкіміне алғысым шексіз. Бұл – тарихи дүние. Өскелең ұрпақ үшін өнегелі іс, – дейді ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Секеш Сұлтанғазинов.
SONY DSC

SONY DSC

 
SONY DSC

SONY DSC

Бұл марапаттан соң, ауыл тұрғындары естеліктерімен бөлісті. Мінберге бірінен соң бірі шығып, өткен күннің бір белігісін еске түсіріп, оның әлі күнге дейін үлге етерлік іс екендігін айтты. Яғни, совхоздың бұрыңғы директоры, малшылар, сауыншылар, мұғалімдер, бөлімше басшылары және бригадирлер сөз алды.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓