Жеке кітапханасын сыйға тартты
Рудный. Қалалық балалар үйінде соғыс ардагерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, ұзақ жылдар бойы комсомол, партия, кеңес органдарында белсенді қызмет атқарған Жақсылық Кәкенұлы балалар үйінде өткен мерекелік концертке құр қол келген жоқ. Өзінің 50 жыл бойы жинаған 300-ге жуық кітабы мен 200-ге тарта түрлі бағыттағы журналын балалар кітапханасына сыйлап, жомарттық танытты.