Мұқтаждық өтеледі

Тобыл өңірінде үй  кезегінде тұрғандардың қатары әлі күнге азаймай отыр. Сол себепті, баспана мәселесінің маңызы ерекше.  Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылысын жыл сайын 10-20 мың шаршы метрге дейін ұлғайту қажеттігін айтады. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 23 мың отбасы баспанаға мұқтаж. Тағы 13 мың азамат жер алуға өтініш білдірген. Сондықтан  бұл күн тәртібінен түспек емес. real estate concept. gold keys in fingers with buildingРас, облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соның арқасында кезекте тұрғандардың саны сәл де болса қысқарған. Мәселен, А. Мирошниченко көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үй тапсырылып, қостанайлық жетпіс екі отбасы  баспаналы болды. Әрине, кезекте тұрғандардың бәрін  қысқа мерзімде үймен  қамтамасыз мүмкін емес. Ол үшін тағы осындай 320 тұрғын үй салу қажет. Қазан айында Чкалов көшесінде де қоныс тойы тойланады. Бюджет қаржысының есебінен биыл 16 мың шаршы метр үй  салудың сәті түсті. Құрылыс қарқынын удете түсу үшін өзге де мүмкіндіктер қарастырылған.
–  2014 жылғы халыққа арнаған  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында мемлекет басшысы қолжетімді баспана құрылысының түрлі тетіктерін қарастыра отырып, қазақстандықтарды сапалы әрі арзан үйлермен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар жүктегені белгілі. Осыған байланысты Үкіметте 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама түзіліп, ол 2015 жылдың қаңтарынан бастап жүзеге аса бастады. Игі бастама біздің облыста да тәп-тәуір көрініс тапты.  «Тұрғын үй құрылыс Жинақ банкі»  жүйесі арқылы 108 пәтерлі баспананың құрылысы аяқталды. 2012 жылдан бері бағдарлама аясында құны 6,1 млрд теңгеге бағаланған 13 үй салынды. Яғни, 68 мың шаршы метр немесе 1046 пәтер тапсырылды. Бүгінгі таңда 3 000 салымшының төлем қабілеттілігі расталған,-дейді  облыстық құрылыс басқармасының басшысы  Валентина Эпова
Үстіміздегі жылы бас шаһарда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Бәйтерек» холдингі мен жергілікті әкімдік тарапынан  жасалған үш жақты әріптестік байланыс негізінде тағы бір тоғыз көпқабатты  үйдің құрылысы қолға алынды. Ал «Бәйтерек девелопмент» қазақстандық ипотекалық компаниясы жалға берілетін баспаналардың құрылысын жалғастырады. Бекітілген арнайы ережеге сәйкес   2017 жылдан бастап әр пәтердің  аумағы 65 шаршы метрден аспауы тиіс. Ал бір шаршы метрінің бағасы 180 мың теңге көлемінде белгіленді.
– Жыл  озған сайын  жеке компаниялар құрылыстың ауқымды бөлігін еңсеріп жатыр. Мұндағы мемлекеттің міндеті – тиісті жер телімдерін ұсыну. 2017 – ші жылға дейін Қостанай, Рудный және Қостанай ауданының аумақтарындағы  құрылыс алаңдары дайын болуға тиіс,-деп атап өтті  облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.        
Мамандардың пікірінше, жерге де сұраныс жоғары.  Тек, соңғы сегіз жылдың бедерінде 3600  жер телімі бөлінді.
-Қонай шағын ауданының жобалық – сметалық құжатын әзірлеуге 300 млн. теңге жұмсалады. Инженерлік –коммуникациялық желі тартылған дайын аумақтарды құрылыс компанияларына ұсынған жөн. Әсіресе, коммерциялық негізде үй салатын кәсіпорындарға жағдай  жасау керек. Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы әзірленіп жатыр. Мұнда жеке құрылысты дамытудың жолдары да қарастырылған,- деді облыс басшысы.
Осылайша, облыс орталығында жақын арада құрылыс саласына иек артқан кәсіпорындар еселене түспек.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓