Астық жерде қалмайды

Соңғы апталардағы күн райының қолайсыздығы егін орағына елеулі әсер етіп отыр. Екі аптадан бері әлсін-әлсін бүркіп жауған жаңбыр шаруалардың қолын еріксіз байлап, қалған астықты мезгілінде жинап алуға мұрша берер емес. Соған қарамастан облыс диқандары жиын-терім жұмыстарын айдың аяғына дейін аяқтаймыз дейді.

6e69922deeea81856e98bdc6931f34a0Қазіргі таңда Тобыл өңірінде барлық астықтың 63%-і қамбаға құйылды. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенамановтың берген мәліметтеріне қарағанда облыс диқандары барлығы 2 млн 684 мың гектардың астығын орып бастырған. Әзірге гектар берекелілігі орта есеппен алғанда 12,3 центнерден айналады. Аудандар арасында тек Жанкелдин ауданы ғана орақ науқанын толық аяқтады. Ал Денисов ауданында күзге жиын-терім жұмыстары 82%-ке, Әулиекөлде-80%-ке, Аманкелдіде-76%-ке, Науырзым ауданында -73%-ке орындалған. Үзынкөл мен Сарыкөл аудандары көш соңында. Көршілес жатқан қос ауданда  егін орағының үлес салмағы  55-56%-ке тең.

Жалпы, биыл астық біткен бітік шықты. Үстіміздегі жылы республика бойынша  22 млн.тоннадан астам дәнді-дақылдар жиналмақ.
-Биыл  21,7 млн.гектар алқапқа түрлі дақылдар себілген-тұғын. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен  445,1 мың гектарға артық. Егіс алқаптарының дені дәнді – дақылдардың еншісінде – 15,4 млн. гектар. Оның ішінде майлы дақылдар – 2,0 млн. га, бау-бақша өнімдері мен картоп – 426,7 млн.га, – деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылық министрінің  бірінші орынбасары  Қайрат Айтуғанов.20160722203641
Вице-министрдің  айтуынша, 12,9 мың га қант қызылшасы , 109,6 мың га алқапқа мақта егілген.
Бүгінде еліміздің барлық аймағында жаппай егін ору науқаны жүріп жатыр. Мәселен, 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 9667,1 мың гектардың астығы орылып, соның 14,4 млн. тоннасы бастырылды.
Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан тәрізді еліміздің ірі астықты өңірлерінде 7 млн. гектардан астам бидай  орылды. Науқандық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғасуы мүмкін.   
Егінді ысырапсыз жинап алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 391,6 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. 2016 жылы «ҚазАгро» холдингінің несие ресурстары арқылы 6,8 млн. гектар  алқапта көктемгі-егіс және жинау жұмыстары жүргізілді. 
Бұл үстіміздегі жылы республика бойынша өңделген барлық алқаптың жартысына тең.  Шаруаларға бюджеттік несие есебінен және «ҚазАгро» ұлттық холдингі арқылы  60 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Осы уақытқа дейін Холдинг елдегі  ауылшаруашылық тауар өндірушілерін 85,4  млрд. теңгеге қаржыландырыпты.  Мұның сыртында компания өнімділігі жоғары, қуатты техникаларды лизингке беру тәсілдерін сәтті жүзеге асырған. Биылдың өзінде аты аталған бағдарлама шеңберінде фермерлер жалпы құны 31,6 млрд.теңге бағаланған  1,7 мыңнан астам техника сатып алды.
Тағы бір маңызды мәселе, ол – астық бағасына қатысты. Яғни, «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы өкілдері астықты сатып алу бағаларын жариялаған болатын.
Компанияның коммерциялық ресурстары келесідей бағаларды белгілеп отыр: 3 сыныпты бидайдың бір тоннасы 41 000 теңгеден 50 000 теңге аралығында сатылатын болды, 4 класты бидай  34 000 – 36 000 теңге көлемінде, ал 5 класты бидай үшін 30 000 теңге ұсынылды. 2 класты арпаның құны 25 000 теңгеге бағаланды.
Осы арада Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы бидайды сатып алудың құнын өнімнің сапасына қарай белгілегенін айта кеткен жөн.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓