Жол-көлік оқиғасы сотта екінші мәрте қаралды
Қостанай қалалық соты осыдан бірнеше жыл бұрын болған жол-көлік оқиғасында қаза болған азаматтың отбасының пайдасына моральдық залалды өндіру бойынша азаматтық істі қарады.
Жол-көлік оқиғасы 2012 жылдың 17-қазанында Қостанай ауданының Заречный ауылында тіркелді. «Audi 80» автокөлігінің жүргізушісі 32 жастағы жаяу жүргінші Александр Жигалинді көлікпен соғып, салдарынан жарақат алған жігіт ауруханада қаза тапқан. Істі тергеген Қостанай облысы ІІД-нің аға тергеушісінің қаулысымен көлік жүргізушінің әрекетінде қылмыстық нышан жоқ деп танылып, қылмыстық іс тоқтатылған.
Алайда, арада бірнеше жыл өтсе де, қаза тапқан азаматтың анасы қайғысын ұмытпаған. Ұлының жастай өмірден өткені, жүргізушінің жазаға тартылмағаны жанына батады. Оның үстіне, марқұмның дүниеден озған кезде артында 1 айлық нәрестесі қалған.
Сот істің мән-жайын саралап, жәбірленуші тараптын делелдемелерін талқылап, көлік жүргізушісінен 2 млн. теңге моральдық шығын өндіруге шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.