Оқиға Қостанай қаласында 26 шілдеде болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы жәйт 8-шағын ауданда кешкілік болды.
"54 жастағы ер адам 5-қабаттың балконынан белгісіз жағдайда құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды", – делінеді ведомство хабарламасында.