Көліктен 1 келі героин табылды
Көлігімен 1 келі героин тасымалдап жүрген Рудный қаласының тұрғыны қолға түсті. Күдікті Қостанай облыстық ІІД мен ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында құрықталды.

Қазіргі таңда, сот шешімімен тұтқындалған күдікті бұған дейін де ірі көлемде есірткі заттарын сатқаны үшін бірнеше мәрте істі болғаны анықталып отыр.Тергеу жүргізілуде.
Мешіт Ғазиз