Жол апатынан бір адам қаза тапты

13 қыркүйек күні Қостанай-Рудный тас жолында «Лада Приора» мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан орын бір адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды.1433408735_0430Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Лада» жүргізушісі рөлге ие бола алмай жүк көлігіне бары соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл көліктің 55 жастағы жолаушысы қаза тапты.
«Үш  жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жүргізушісі де ішімдік ішпегені анықталды», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы ауыр, олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына таңылған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓