Елімізде Қазақстан заңгерлер клубы құрылады
Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Мен Қазақстан заңнамасында нені өзгертер едім? Неге? Бұл елімізге не береді?» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі барысында мәлім болды.
Еске сала кетейік, аталған конкурс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның және Қазақстандағы ірі ақпараттық портал «Zakon. kz» бастамасымен өткен болатын. Клубтың мақсаты – еліміздің Ата Заңында көрсетілген барлық заңдылықтарды қадағалау, заңның орындалуын бақылау арқылы республикамыздың заң ғылымын дамытуға күш салу.
Шұға Қоңқабай