11 жасар бала өз-өзіне қол жұмсады

Арқалықта 11 жастағы мектеп оқушысы дарға асылып көз жұмды. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірім қарапайым отбасынан шыққан. Ұстаздары оның көпшіл, оқу үлгерімі жақсы, спортпен белсенді айналысқанын айтады. Көршілері мен мұғалімдерінің сөзіне сенсек, бұл қайғылы жайтқа себеп болардай отбасында айтарлықтай күрделі мәселелер туындамаған.
Қаза болар күні ол сабақтан үйге келіп, жеке үй ауласында серуендеймін деп тысқа шығып кеткен. Біраз уақыттан соң түскі асқа шақырып, іздеуге шыққан әпкесі оның асылып тұрғанын көрген. Бала денесінен ешқандай дене зақымдары табылмады.
Алдын ала болжам бойынша, баланы өлімге итермелейтін ешқандай себеп болмаған, бірақ бұл іс бойынша тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. 

Қазақпарат

 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓