Еңбек өнер өрісі

«Шеберлер елі» республикалық акциясының іріктеу кезеңдері Астана, Ақтөбе, Павлодармен қатар Рудный қаласында да өтті. Еуразиялық топтың 20 жылдығына арналған таланттар конкурсына «ССКӨБ» АҚ бөлімшелерінің он саусағынан өнер тамған 36 жұмысшысы қатысты. Кеншілердің шығармашылығын елімізге еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Толқын Забирова мен белгілі продеюссер Алтынбек Рахметов бастаған әділқазы алқасы бағалады.
1416983276_otborochnyy-praz-14-«Шеберлер елі» жобасы– еңбек адамының қаншалықты талантты, әрі тапқыр екенін баршаға паш етті. Бүгінгі концерттен алған әсерім зор. Біздің эстрадаға дәл осындай өнерге шын жанашыр, көздерінде оты бар жандар жетіспейді. «Еңбек өнер өрісі, өнер өмір жемісі» деген сөз осындайда айтылса керек, – дейді атақты әнші.
Байқау қорытындысы бойынша 12-желтоқсанда Астана қаласында өтетін гала-концертке бірлестіктен жоспарланғандай 3 емес, 4 бірдей өнерпаз іріктеліп алынды. Олар акробаттық нөмірлерді орындаған Таисия Калашникова, бардшы Сергей Кучеров, вокалистер Галина Железова мен Дінмұхамед Дәулетовтер.
 
Қуаныш Есқабыл

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓