Назарда – егіннің жай-күйі
Сарыкөл. Аудан әкімі Э.Күзенбаев жұмыс сапарымен Веселый Подол мен Лесной ауылдық округтеріне барды. Аудан басшысы Веселый-Подолдағы «Арыстан ПК» ЖШС-не ат басын бұрып, нысанды қарап шықты. Болашақта бұл жерге өрт сөндіру бекетін ашуға бола ма, жоқ па соған көз жеткізді. Бұдан кейін Леснойдағы АЭУ-5 су сорғыш станциясының тынысымен танысты. Сондай-ақ, қос ауылдың дән себілген даласын аралап шықты.