Н.Назарбаев, ҚР Президенті: “Үкіметте айта қоярлықтай өзгерістер болмайды”

Қазіргі уақытта отсавкадағы Үкіметте айта қоярлықтай өзгерістер болмайды. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  мәлім етті, дейді "ҚазАқпарат".нан
«Үкіметте жалпы өзгерістердің болып жатқанын естіп, біліп отырсыздар. Оның өзіндік логикасы бар. Бұл – біріншіден. Екіншіден – қауіпсіздік мәселесін күшейту, нығайту  мәселесі де бар. Содан  кейін мен Кәрім Мәсімовті өзінің келісімі бойынша сол үлкен қажетті жерге тағайындадым. Тәжірибесі бар. Республиканың жағдайын біледі деп тағайындадым.  Премьер-Министрді қызметінен босатуыма байланысты қазір Үкімет отставкада. Көп созбай бәрін шешетін боламыз. Жаңа басшыларды да, жаңа министрлерді де. Онша көп  өзгерістер бола қоймас деп ойлаймын. Себебі Үкімет  қиын-қыстау жағдайда жүктелген тапсырманы орындап жатыр», – деді Н.Назарбаев.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓