Меңдіқара астығының 43%-ы жиналды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Меңдіқара ауданына барды. Өңір басшысы «Каменскорал» ЖШС-ның астық алқабында болып, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Меңдіқара ауданында, қазіргі уақытта, астықтың 43%-ы жиналды. Бидайдың орташа шығымдылығы гектарынан 14,1 центнерді құрап отыр. Сапасына келсек, бидайдың 38%-ы 2 және 3 класс, 56%-ы 4 класс, қалған 8%-ы 5 класс. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Биыл қырық мың гектарға майлы дақыл егілді. Қазіргі күні соның 5 мың 200 гектары орылды. Орташа түсім гектарынан 8,3 центнер.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекшісі Мирас Ахметовтың айтуынша, аймақ диқандары жоспарға сай жұмыстарды дер кезінде атқаруда. Егер ауа райы қолайлы болса, 10-12 күннің ішінде астық жинау науқанын аяқтауды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі астық алқабындағы қызу тірліктің жай-жапсарымен танысқан соң шаруалармен кездесті. «Қарқын» ЖШС-ның директоры Сайран Бұқанов көпшіліктің атынан сөз алып, өңір басшысына сауал қойды.
-Ауа райын көрмейсіз бе, жауын-жашын үшінші күнге ұласты. Шаруалардың жұмысына жаңбыр қолбайлау болып отыр. Бірақ астықты дер кезінде жинап аламыз. Аудан диқандарын алаңдатқан бір мәселе бар. Ол – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» қатысты. Корпорация арқылы несие алғанымызды білесіз. Келісім шарт бойынша, несиені ақшамен өтеу қажет еді. Жыл сайын несиені ақшамен жабуға келісім беретін. Биыл бидай талап етуде. Яғни, 3 классты бидай. Ал бізде бидайдың сапасы қиындық тудырып отыр. Соңғы күндері жаңбыр басталды. Соның салдарынан дәнді дақылдың сапасы 5-класқа дейін түсіп кетуі мүмкін. Бізге астық өткізу проблемаға айналды. Осы мәселе өз шешімін тапса, көңіліміз жайланар еді,-деді «Қарқын» ЖШС-ның директоры Сайран Бұқанов.
Облыс әкімі Астанада өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысу кезінде, осы мәселені көтеретінін айтты.
-Біздің алдымызда тұрған ең басты меже астықты уақытында, құрғақ күйінде жинап алу. Астық алқабына ауа райы да өз әсерін тигізеді. Бірақ, технологиямен айналысып, жерді тыңайтуды қолға алған шаруаның еңбегі ақталады. Биыл солтүстік аудандарда бидайдың "Омская" сортының көрсеткіші көңіл көншітпейді. Сондай-ақ, астық сақтау қоймасы жоқ. Шаруалардың дені астықты қалаға апаратынын білемін. Бұл мәселе ұзақ жылдан бері бар. Көршілес Ұзынкөл ауданындағы Троебрат ауылында астық сақтау қоймасы салынып жатыр. Аталған элеватор сіздердің де игіліктеріңізге жарайтыны сөзсіз. Ауданда трактор паркін жаңарту керек,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суреттерді түсірген автор.
Суреттерді түсірген автор.