Көршілер мерекесі
Заречный селосының тұрғындары осымен үшінші жыл қатарынан "Көше мерекесі – көршілер мерекесі" атты шараны өз еріктерінше ұйымдастырып келеді. "Отбасы күні" мерекесін олар тағы да ерекше атап өтті.
Набережный көшесінің тұрғындары тазалық пен тәртіптің сақталуын жіті қадағалайды. Табиғи материалдардан қолмен жасалған бұйымдарды пайдаланып, өз аулаларының сәні мен сәулетін келістіруді әдетке айналдырған: өзіңнің де өзгенің де көзін қуантады.
Бүгін бұл көшеде әуен әуелеп тұрды. Анау-мынау емес, төл фольклор. Баяншы пернелерді термелей жөнеліп, көмекке өңшең хор қызындай хоршы қыздар келді. Аяқ асты "құрыла" кеткен сахна маңында табиғи материалдардан қолмен жасалған бұйымдар көрмесі пайда болды. Бұрқ-сарқ қайнаған самауыр тұрғындарды татулыққа ұйытып, дастархан басына шақырып тұрды, ал аспаздар көтерген қазанда ет пісіп жатыр. Бұл жолы көршілер палаудың дәмін татпақ…
Шындығына келгенде, бұл берекелі мерекенің бастамашысы кім екенін анықтау қиын. Шамасы, "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шыққан". Таңданатын ештеңесі жоқ – көршілердің өзара тату тірлік кешіп жатқандарына көп жыл. Қабақ шытысып көрмепті, керісінше, қайырым-көмекке, қамқорлыққа келгенде бірінен бірі озады-мыс… Бұл мереке жалғассыз қалмайды. Тіпті көшелерінің әнұранын жазуды жоспарлап отыр. Еңбекке де, сауық-ермекке де сергек қарайтын набережныйлық жайсаңдардың тіршілігі шербет татиды.