Колледждің күйі күрделі

2006 жылы құрылған Арқалық политехникалық колледжінің ғимараты әбден ескірген. 281 студент аспазшы, машина және механикаларды жөндеу, сылақшы, тігінші, бағдарламашы, электрші, шаштараз мамандығы бойынша ғимараттың тек бірінші қабатында білім алуда. Қалған екі қабат оқуға жарамсыз. Облыс әкімі колледжге әдейілеп соғып, мәселенің шешімін қарастырды.IMG_1686
Қала әкімшілігі күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды есептеп, сызбасын да дайындап қойған. Артынша үш қабатты қалыпқа келтіріп, медициналық колледжді де осында көшіргісі келеді. Ең бастысы, жылу жүйесін тартып, құбырларды жөндеу керек.  Жоспар бойынша барлық жұмыстарды жүзеге асыру үшін  500 млн. теңгеден астам қаражат қажет. Сондай-ақ, әр мамандықты оқытуға қажетті құрал-жабдықтарды да санатқа кіргізгенімен, олар кешеуілдейді, себебі қаржы тапшы. Ал, колледждің көркін кіргізуге облыс әкімі уәде етті.
-Айтулы білім ошағында шетелден тәжірибе жинап келген мамандар жұмыс істейді. Жыл сайын шәкірт саны да артып келеді. Әлеуеті әлді. Тек осы апатты жағдайдағы ғимаратты аман алып қалсақ екен,- дейді колледж директоры Асқар Оспанов.
Бұдан өзге №4 орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім мекемелерінің жағдайын жақсарту үшін облыс басшылығы аянып қалмайды. Балаларға барынша жаңа мүмкіндіктер сыйлауға тырысады.  
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓