Қарызы бар тұрғын мүлкінен айырылды
Қостанайда жылу бойынша рейдтер күн сайын өтеді. Еске салайық, қарызға белшеден батқан борышкерлер түрлі жиҺаздарынан, тұрмыстық техникаларынан, тіпті, автокөліктерінен айырылады.
Бұл жолы Қостанайдағы пәтердің иесі 120 мың теңге қарыз болғандықтан сот орындаушылары мен жылу қызметкерлері пәтердің сыртқы есігін алуға мәжбүр болды.
Қазірге дейін тұрғындар жылуға 110 млн.теңге берешек.Тіпті, 2001 жылдан бері қарызын төлемеген адамдар бар көрінеді. Олардың қарызы милллионға жетті.